Басты жаңалықҚоғам

Қазақстан халқының саны 20,6 млн-нан асты

Қазақстан халқының саны 20 604 819 адамға жетті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 1 тамыздағы мәлімет бойынша, жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 104 997 адамға немесе 0,51 пайызға өскен. Табиғи өсім 99 419 адамды, ал көші-қон өсімі 5 578 адамды құрады.

Халық саны ең көп Астанада өскен – 51 429 адамға. Алматыда өсім 31 690 адам, Шымкентте 19 298 адам болды.

Сонымен қатар 12 облыста халық саны азайған. Ең көп төмендеу Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында тіркелді. Қазір ел тұрғындарының 13,2 миллионы қалаларда, 7,4 миллионы ауылдық жерлерде тұрады. Жыл басынан бері қала халқы 126,6 мың адамға көбейсе, ауыл тұрғындарының саны 21,7 мың адамға азайған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button