Қоғам

Щучинскідегі кафедегі жарылысқа қатысты 3 адам сотталды

Ақмола облысының Бурабай аудандық соты Щучинскідегі «Центр плова Loft» кафесінде болған қайғылы жағдайға қатысты үкім кесті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Сот шешімімен Кафені жалға алушы мен автогаз құю станциясының директоры 7 жылға, ал газ жеткізуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, жарылыс 26 ақпанда болған. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 20 тұрғын түрлі жарақат алды. Сот 16 жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы талабын ішінара қанағаттандырды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button