Басты жаңалықБілім
Ұстаздар 18:00-ден кейін жауап бермеуі мүмкін
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналар мен мұғалімдердің жұмыс уақытынан кейінгі қарым-қатынасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, министрлік ата-аналармен байланысты шектен тыс шектеуді көздемейді. Керісінше, отбасы мен мектеп арасында тұрақты әрі конструктивті байланыс болуы маңызды.
Алайда мұндай қарым-қатынас нақты ережелер мен өзара құрметке негізделуі керек. Министр мұғалімнің жұмыс уақытымен қатар жеке уақыты да бар екенін атап өтті. Педагогтарға жұмыс күнінен кейін демалып, күш жинауға мүмкіндік беру қажет. Бұл олардың келесі күні оқушыларға көңіл бөліп, сабырлы әрі кәсіби жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
Minut.kz



