Қоғам

Қазақстандық туроператор АҚШ санкциясына ілінуі мүмкін

Алматыдағы «Тур Инвест» туроператоры Иранмен байланысына байланысты АҚШ санкциясына ілігу қаупіне тап болды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы – OFAC құжаттарында компанияға «Secondary sanctions risk», яғни екінші деңгейлі санкциялар қаупі бар деген белгі қойылған. Алайда бұл компанияға санкция тікелей енгізілді дегенді білдірмейді.

«Тур Инвест» 2014 жылдан бері шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде жұмыс істейді. Компания бюджетке 18,2 миллион теңге салық төлеген. Оның құрылтайшылары – Ансар Дүйсенғалиев пен Зиа Бабак Али. Туроператордың санкция қаупіне ұшырауына Иранның санкцияға іліккен Mahan Air әуе компаниясымен ынтымақтастығы себеп болған.

«Тур Инвест» бұл әуе компаниясының Қазақстандағы сату жөніндегі жергілікті агенті ретінде жұмыс істейді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button