Самар аудандық орталық ауруханасы қайта жаңғыртудан өтеді

Шығыс Қазақстандағы Самар аудандық орталық ауруханасы қайта жаңғыртудан өтеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Самар аудандық орталық ауруханасына барып, медициналық мекемені жаңарту жоспарларымен танысты.
1973 жылы пайдалануға берілген аурухананың негізгі ғимараттары мен емханасы кешенді жөндеуді қажет етеді. Жоба аясында ғимараттар жаңартылып, инженерлік инфрақұрылым жақсартылады. Медициналық бөлімшелер заманауи талаптарға сәйкестендіріледі. Ал былтыр мекемеде лифт шахтасына күрделі жөндеу жүргізіліп, пациенттерді тасымалдауға арналған жаңа лифт орнатылған болатын.
Орталық ауруханада 10 мыңнан астам адам тіркелген. Стационарда 38 төсек бар. Өткен жылы стационарда 700-ден астам, ал күндізгі стационарда 881 пациент емделді.
Мекемеде 201 қызметкер еңбек етеді. Олардың 28-і дәрігер, 91 орта буын медицина маманы.
Minut.kz



