Басты жаңалықҚоғам
Өскеменде сенбі күні жалпықалалық сенбілік өтеді

Өскеменде сенбі күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында қалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Таңғы сағат тоғызда басталатын сенбілік аясында қала іші тазартылып, көшелер мен аулалар абаттандырылмақ.
Қала әкімдігі шағын және орта бизнес өкілдерін өз аумақтары мен оған іргелес жерлерді тазартып, абаттандыруға қатысуға шақырады.
Бұл жұмыс қала аумағында тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.
Minut.kz



