Қазақстан мен Корея арасында 19 млрд долларлық келісім жасалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёңмен кездесіп, келіссөз жүргізді. Жүздесуде Алатау қаласын салуға атсалысатын корей компанияларына қолдау болатынын жеткізді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Қала мәртебесіне қатысты ережелерді Конституциямызға енгіздік. Заң тұрғысынан корейлік компанияларға барлық кепілдік беріледі. Қазақстанда корей ұлтының 120 мыңнан астам өкілі тұрады. Оларға барлық жағдай жасалған, корей диаспорасы – қоғамымыздың белсенді мүшелері, – Мемлекет басшысы.
Президент екі жақты қарым-қатынасқа да тоқталды. Сапар барысында 19 миллиард долларды құрайтын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.
Корей инвесторларының жұмысына көңіліміз толады, алдағы уақытта да осы бағыттағы байланыстарды жалғастырамыз. Қонақ үй, мұнай өңдеу зауытын салу және қала құрылысы бойынша жақсы жоспарларымыз бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Minut.kz



