Басты жаңалықҚоғам
Қасым-Жомарт Тоқаев Кореядағы Қазақстан азаматтарымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен емен-жарқын әңгімелесті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Ақорда баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Президент отандастарымызбен жүздесуде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды.
Кореядағы қазақстандықтар оқуда, қызметте қол жеткізген табыстарын тілге тиек етіп, мақсат-межелерін айтып өтті. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тіледі.
Minut.kz



