Қоғам

Дронға қарсы қорғаныс жүйесі әзірленеді

Оңтүстіккореялық Agos компаниясы мен «Самұрық-Қазына» қоры ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы жүйелерді бірлесіп әзірлеуге келісті, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Жоба әуежайлар, электр станциялары және шекара маңындағы нысандар сияқты маңызды инфрақұрылымды қорғауға бағытталған. Алдымен жергілікті пилоттық жобалар іске қосылып, технологиялардың тиімділігі тексеріледі. Кейін нақты нысандарға арналған қорғаныс жүйелерін жасау жоспарланып отыр.

Agos компаниясы әзірлеген кешендер дрондарды радиожиілікті сканер және инфрақызыл камера арқылы анықтап, қажет болған жағдайда арнайы жабдық пен бөгегіш құрылғылардың көмегімен залалсыздандыра алады. Тараптар бұдан бөлек, жабдықты сату, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және Қазақстанда лицензиялық өндіріс ашу мүмкіндігін қарастырады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button