Саясат

Қытай Ай топырағын БҰҰ-ға тапсырды

Қытай Айдың арғы бетінен алынған топырақ үлгілерін БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтеріне тапсырды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Үлгілер Вена халықаралық орталығында таныстырылып, тұрақты көрмеге қойылды. Қытай ұлттық ғарыш басқармасының басшысы Шань Чжундэ бұл қадам халықаралық ынтымақтастық пен ғарышты бейбіт мақсатта игеруге деген ұстанымды көрсететінін айтты. Ал БҰҰ өкілдері Ай топырағын адамзаттың технологиялық жетістігінің символы деп бағалады.

2024 жылы «Чанъэ-6» миссиясы Айдың Оңтүстік полюс – Эйткен бассейнінен шамамен 2 келі топырақ үлгісін Жерге жеткізген. Бұл Айдың арғы бетінен алынған алғашқы үлгі болды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button