Қоғам
Граффити салатындар әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін
Ғимараттарға граффити салатындарды әкімшілік жауапқа тарту ұсынылды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Қазақстанда еріктілермен бірлесіп есірткі граффитиі деп аталатын 80 мың сурет пен жазу өшірілді. Есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін 81 қылмыстық іс қозғалып, 19 адам сотталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.
ІІМ қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға жазулар мен суреттер салуға тыйым енгізіп, бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастыруды ұсынып отыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов қоғамдық орындарға зиян келтіретін “граффитидің” барлық түрлеріне толық тыйым салу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Minut.kz



