Қоғам
Әлеуметтік көмек шынайы мұқтаждарға беріледі
Қазақстанда әлеуметтік көмек пен жеңілдіктерді тағайындау жүйесі қайта қаралып, жаңа форматы дайындалуда, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев бұл бағытта күтілетін негізгі өзгерістерді жариялады.
- Бірінші кезең – атаулы модельге көшуге арналған. Мемлекеттік қолдау «шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсету» қағидатына негізделеді. Бұл реформа 36 әлеуметтік төлемнің 14 түрін қамтитын атаулы модельге көшу үшін нормативтік база әзірлеуден басталады.
- Екінші кезең – көмек түрлері біріктіріледі. Жергілікті әкімдіктер көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрі оңтайландырылады. Олар мұқтаждық деңгейіне қарай 4 негізгі топқа біріктіріледі.
- Үшінші кезең – ардагерлерге қолдау көрсетілмек. 2027 жылдан бастап ардагерлерге де мемлекеттік қолдауды мұқтаждық қағидаты бойынша атаулы түрде көрсету ұсынылып отыр.
- Төртінші кезең – бала күтімі мен аналарға қолдау көрсетіледі.
Ер адамдарға бала күтіміне байланысты демалыс беру мәселесі орынды деп табылды. Бөбекжайлардағы орын санын көбейту және күтушілер тапшылығын шешу жоспарлануда. Бала күтімі кезеңіндегі әйелдерге екі жыл ішінде берілетін мемлекеттік қолдау форматын жетілдіру қарастырылуда.
Minut.kz



