Басты жаңалықҚоғам

Өскеменде «TourEast ALTAI KZ» фестивалі өтеді

26 қыркүйекте Өскемендегі Сол жағалау кешенінде Дүниежүзілік туризм күніне арналған «TourEast ALTAI KZ» фестивалі өтеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің өкілдерінің мәлімдеуінше, қала тұрғындары мен қонақтары өңірдің туристік әлеуетімен танысып, демалыс күнін таза ауада мазмұнды өткізуге бар мүмкіндік жасалған.

Іс-шара саяхатшыларды, қолөнершілерді, спортшылар мен туристік сала мамандарын біріктірмек. Фестиваль бағдарламасы барлық жастағы келушілерге арналған:

  • 09:00–11:30 | Іскерлік алаң: «Туризмді дамытудың заманауи тәсілдері» конференциясы.
  • 10:00–15:00 | Туристік көрме: Туроператорлар, демалыс базалары, қонақүйлер мен пантоемдеу орындарының ұсыныстары, отбасылық фотозона.
  • 10:00–17:00 | Шеберлер қаласы: Қолөнершілер жәрмеңкесі, тоқымашылық, біз кесте, ши тоқу, ағаш пен былғарыдан бұйым жасау шеберлік сабақтары.
  • 10:30–15:00 | Белсенді демалыс: Жабдықтар жәрмеңкесі, кемпинг-лагерь, бағдарлау сабақтары, жорыққа дайындық кеңестері.
  • 11:00–15:00 | Жас турист: Отбасылық квест, «Антарес» клубының кедергілер жолағы және «Өскемен нордик» клубының скандинавиялық жүріс шеберлік сабағы.
  • 11:00–15:00 | Гастро-аймақ: Жергілікті өнімдер жәрмеңкесі, тағамдар мен сусындар.
  • 11:30–15:00 | Басты сахна: Сала үздіктерін марапаттау, жүлделі байқаулар және концерттік бағдарлама.
  • 12:00–15:00 | Үйлесім оазисі: Йога, этно-би терапиясы, Катонқарағай балы мен шөп шайларының дегустациясы.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button