Депутат шетелдік студенттік бағдарлама операторларына талапты күшейтуді сұрады

Құрылтай депутаты Константин Петров шетелге туристік және жастар алмасу бағдарламалары арқылы азаматтарды жіберетін ұйымдарға жаңа талаптар енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Бұл туралы ол депутаттық сауалында айтты. Депутаттың сөзінше, АҚШ-та Work and Travel бағдарламасымен барған 200 қазақстандық студент баспанасыз және қаражатсыз қалған жағдай мәселені қайта көтеруге себеп болған.
Константин Петровтың айтуынша, шетелге тағылымдама мен алмасу бағдарламаларын ұйымдастыратын туристік және білім беру агенттіктері мемлекеттік аккредиттеуден өтіп, шетелдегі ресми қабылдаушы ұйымдармен тікелей келісімшарт жасауы керек.
Сонымен қатар барлық аккредиттелген операторлардың ашық тізілімін құру және төтенше жағдайда азаматтарды елге қайтару шығындарын өтейтін резервтік қор немесе сақтандыру тетігін енгізу ұсынылды.
Minut.kz



