Басты жаңалық

Еліміздегі көлік жолының 16 пайызы ғана талапқа сай

Қазақстандағы жолдардың тек 16 пайызы заманауи талаптарға сәйкес келеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, елге бірінші санаттағы тағы 6 мың шақырым жол салу қажет. Мұндай жолдардың тиімділігі жоғары.

Мәселен, Қарағанды мен Алматы арасындағы төрт жолақты тасжол пайдалануға берілгеннен кейін осы учаскеде қаза тапқандар саны 47 пайызға азайған.

Министр жол бойындағы қызмет көрсету сапасына да назар аударды. Оның айтуынша, елде демалыс орындары мен тамақтану нысандары аз. Соның салдарынан жүргізушілер жолда жеткілікті демалмай, рөлде ұйықтап қалуы мүмкін.

Ержан Сәденов Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖолға» бұл мәселені шешу жұмыстарын жеделдетуді сұрады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button