Басты жаңалықҚоғам

Заңды бұзған 20 мыңнан астам жүргізушіні дрондар анықтаған

Дрондар арқылы 20 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, биыл сегіз айда дрондардың көмегімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды. Оның ішінде:

  • Қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың 3 198 фактісі;
  • Көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 055 фактісі;
  • Қарсы қозғалыс жолағына шығудың 1 678 фактісі;
  • Сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзудың 1 481 фактісі;
  • Маневр жасау қағидаларын бұзудың 1 207 фактісі;
  • Басып озу қағидаларын бұзудың 771 фактісі;
  • Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарудың 87 фактісі.

Тағы 9 мыңнан астам дерек жол қозғалысы ережелерінің өзге де бұзушылықтарына қатысты.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button