Қоғам

Астанаға iPhone 18 әкелмек болғандар ұсталды

Астанада кеденшілер шетелден ұялы телефондарды заңсыз әкелудің 10 дерегін анықтады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, жолаушылар багажында барлығы 223 iPhone 18 және 10 жұп AirPods болған. Олар тауарларды кедендік декларация толтырмай, «жасыл дәліз» арқылы өткізбек болған. Бір жағдайда жолаушының багажынан бірден 50 смартфон табылған.

Телефон әкелгендердің төртеуі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Тағы төртеуі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Кеден заңнамасына сәйкес, жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауар ретінде бір адамға екі смартфоннан артық алып өте алмайды. Белгіленген мөлшерден асқан немесе жеке пайдалануға жатпайтын тауарлар декларациялануы тиіс.

Тәркіленген смартфондар уақытша сақтау қоймасына қойылды. Иелеріне әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button