Басты жаңалықБілім

400 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барды

Бүгін Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды. Биыл мектептерде 4,1 миллионнан астам оқушы білім алады деп жоспарланған. Олардың ішінде 380 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ал бірінші сынып оқушыларының ең көп саны Түркістан облысында – елу мыңнан астам, Алматы облысында – отыз бес мыңнан астам. Астанада отыз үш мың, Алматыда отыз бір мыңнан астам, Шымкентте жиырма тоғыз мыңнан астам бүлдіршін бірінші сыныпқа бармақ.

Жалпы жаңа оқу жылында еліміздегі сегіз мыңнан астам мектеп жұмысын бастайды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button