Басты жаңалықҚоғам
6 облыста тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылмақ
Қазақстанда шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған ойын аймақтарының тізімі кеңейтілмек, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Үкіметтің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 767 қаулысына сәйкес, казинолар мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға рұқсат берілетін жаңа аумақтар белгіленді.
Ойын бизнесін дамытуға бағытталған жаңа аймақтар 6 облысты қамтиды:
- Алматы облысы: Талғар және Ұйғыр аудандары;
- Маңғыстау облысы: Каспий теңізінің жағалауы;
- Жетісу облысы: Панфилов ауданы және Алакөл көлінің жағалауы;
- Шығыс Қазақстан облысы: Марқакөл және Зайсан аудандары;
- Батыс Қазақстан облысы: Бәйтерек ауданы;
- Абай облысы: Алакөл көлінің жағалауы.
Басты талап – бұл ойын мекемелеріне жергілікті азаматтар кіре алмайды. Бұл орындарға тек шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ ойын залының қызметкерлері мен қызметтік міндетін орындаушылар ғана өте алады. Жаңа бастама елге туристер ағынын арттырып, өңірлік экономикаға инвестиция тартуды көздейді.
Minut.kz



