Басты жаңалықҚоғам

65 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегінен шығарылды

Соңғы бір жылда 64 894 адам тұрғын үй кезегінен шығарылған, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбековтың айтуынша, кезектен шығарылғандардың қатарында мемлекеттік қолдау шараларын алған азаматтар да бар.

14 қыркүйекте күшіне енген өзгерістерге сәйкес, тұрғын үй кезегін түгендеу кезінде азаматтардың жеке деректерін жинау және өңдеуге келісімін алу міндетті емес. Бұл кезектегілердің мәртебесін алдын ала тексеріп, тұрғын үй бөлуді жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін әкімдіктерден «Отбасы банкіне» берілген 642 мың азаматтың деректерін жаңарту кезінде келісім сұралған. Алайда олардың шамамен жартысы ғана жауап берген. Қыркүйектен бастап кезекті тексерудің жаңа кезеңі басталып, алдағы уақытта бұл жұмыс тұрақты жүргізіледі.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button