Басты жаңалықЭкономика

8 айда қаржы ұйымдарына 279 тексеру жүргізілген

Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдап, қаржы нарығын реттеу мен дамытудың сегіз айдағы нәтижелерін тыңдады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Президентке банктердің активтері 75,6 триллион теңгеге дейін, ал бизнеске берілген кредиттер 16 триллион теңгеге жеткені баяндалды. Кәсіпкерлікке жаңадан берілген қарыз көлемі жыл басынан бері 19,1 пайызға өсіп, 12,5 триллион теңгені құраған. Сонымен қатар жеті айда тұтынушылық кредит өсімі 4,6 пайызға дейін баяулаған.

Агенттік сегіз айда қаржы ұйымдарына 279 тексеру жүргізіп, 190 қадағалау шарасын қолданған. Жалпы сомасы 465 миллион теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ қаржы секторын цифрландыру үшін жасанды интеллект негізіндегі FinAI қадағалау платформасы іске қосылды.

Мемлекет басшысы қаржылық тұрақтылықты сақтау, экономиканың нақты секторын кредиттеуді арттыру және қаржы нарығына жасанды интеллектіні кеңінен енгізу жөнінде тапсырма берді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button