Қоғам

Өскемендегі Шнайдер көпірі ақыры бұзылатын болды

Өскемендегі даулы Шнайдер көпірі біржола бұзылатын болды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

2023 жылы 600 миллион теңге жұмсалып, жөнделген өткел көп ұзамай былтыр күзде ортасынан опырылып түскен еді. Содан бері пайдалануға жарамсыз болып тұрған нысанды әкімдік толықтай бұзып тастау туралы шешім қабылдаған. Жауапты мамандар мұны қауіпсіздік шарасымен түсіндіреді.

Қалалық әкімдіктің мәлімдеуінше, көпірді бұзуға екі маңызды себеп бар. Біріншіден, апатты нысанның орнына заманауи жаңа өткел салынуы тиіс. Екіншіден, опырылған конструкцияларға мұз кептеліп, өзен арнасынан асуы мүмкін. Қазір жаңа көпірдің жобалық сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Құжат мамыр айында дайын болған соң, ашық байқау жарияланып, құрылыс жұмыстары басталады.

Ержан Ыбраев Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы

Көпір құны мен құрылыс жобасы осы жасалып жатқан жобалық сметалық құжатқа сай анықталады. Жаңа көпір ескі көпірдің орнына салынады деп жоспарланған, – деді  Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Ержан Ыбраев.

Айта кетейік, тарихы тереңде жатқан Шнайдер көпірі 1940 жылы темір жол қатынасы үшін салынған. Кейін автокөліктердің жүруіне ыңғайластырылды. Өткел қаладағы ірі өндіріс орындарына баратын ең қысқа әрі негізгі жол болатын. Алайда былтыр қыркүйектен бері бұл бағытта қозғалыс тоқтап тұр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button