Көшпенділер ойындары 2028 жылы Татарстанда өтеді

2028 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Татарстанда өтеді. Бұл туралы Қырғыз Президенті Садыр Жапаров Бішкекте алтыншы Көшпенділер ойындарының ашылу рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Садыр Жапаровтың айтуынша, Ресей тарапы 2028 жылы жетінші ойындарды Татарстанда өткізуге дайын екенін ресми түрде хабарлаған. Қырғызстан басшысы келесі ойындарды ұйымдастыруға толық қолдау көрсететінін айтты.
Биылғы алтыншы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Бішкекте өтіп жатыр. Жарыстар алтыншы қыркүйекке дейін жалғасады және негізінен Ыстықкөл облысында ұйымдастырылады. Оған әлемнің жүз он екі елінен спортшылар қатысуға өтінім берген. Жалпы үш мыңға жуық спортшы спорттың қырық екі түрінен бақ сынайды.
Көшпенділер ойындары алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанда өткен. 2022 жылы жарыс алғаш рет ел аумағынан тыс жерде – Түркияда, ал 2024 жылы Қазақстанда ұйымдастырылды.
Жанель Жанболатқызы



