Басты жаңалықҚоғам

6 облыста тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылмақ

Қазақстанда шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған ойын аймақтарының тізімі кеңейтілмек, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Үкіметтің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 767 қаулысына сәйкес, казинолар мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға рұқсат берілетін жаңа аумақтар белгіленді.

Ойын бизнесін дамытуға бағытталған жаңа аймақтар 6 облысты қамтиды:

  • Алматы облысы: Талғар және Ұйғыр аудандары;
  • Маңғыстау облысы: Каспий теңізінің жағалауы;
  • Жетісу облысы: Панфилов ауданы және Алакөл көлінің жағалауы;
  • Шығыс Қазақстан облысы: Марқакөл және Зайсан аудандары;
  • Батыс Қазақстан облысы: Бәйтерек ауданы;
  • Абай облысы: Алакөл көлінің жағалауы.

Басты талап – бұл ойын мекемелеріне жергілікті азаматтар кіре алмайды. Бұл орындарға тек шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ ойын залының қызметкерлері мен қызметтік міндетін орындаушылар ғана өте алады. Жаңа бастама елге туристер ағынын арттырып, өңірлік экономикаға инвестиция тартуды көздейді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button