Басты жаңалықСаясат

Мемлекет басшысы министрлерді тағайындады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрлерді қайта тағайындады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

  • Президент Жарлығымен Дәурен Қосанов қайтадан Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Ол бұл лауазымды қызметті 2025 жылдан бері атқарып келген.
  • Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те өз орнында қалды. Ол бұл лауазымда 2023 жылдан бері отыр.
  • Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы болып қайта тағайындалды. Бұл лауазымды 2023 жылғы 4 қаңтардан бері атқарып келеді.
  • Серік Жұманғарин де өз орнында қалды. Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. Ол бұл лауазымда 2024 жылдан бері отыр.
  • Тоқаев Жаслан Мәдиевті қайта министр етіп тағайындады. Ол Премьер-Министрдің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып қала береді. Мәдиев бұл лауазымға бұған дейін 2025 жылы тағайындалған болатын.
  • Мамыр айында Қызылордадан Астанаға ауысқан Нұрлыбек Нәлібаев та өз қызметін жалғастырады. Президент оны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары лауазымына қайта тағайындады.
  • 2024 жылдан бері Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Қанат Бозымбаев та Үкіметтегі өз қызметін жалғастырады.
  • Мәди Такиев Қаржы министрі.
  • Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып қала берді.
  • Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып қайта тағайындалды.
  • Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі қызметін атқара береді.
  • Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін ауыстырды. Бұл лауазымды енді Мұрат Мұханов атқарады. Ол Шыңғыс Әріновтің орнына келді.
  • Ал Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
  • Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі.
  • Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі.
  • Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі.
  • Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі.
  • Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі.
  • Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінде қалды.
  • Президент Әлібек Қуантыровты Экология министрі етіп тағайындады. Ол бұрын экономика министрлігін басқарған. 2024 жылдан бері Сыртқы істер вице-министрі болған. Әлібек Қуантыров Ерлан Нысанбаевтың орнын басты.
  • Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрлігін қайта басқарады.
  • Ербол Мырзабосынов қайтадан Туризм және спорт министрі болды.
  • Мәдениет және ақпарат министрлігіне Арман Қырықбаев жетекшілік етеді. Ол Аида Балаеваның орнына келді.
  • Ал Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып кеше тағайындалған болатын.

Осылайша, Үкімет құрамы бекіді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін Үкіметті отставкаға жіберген болатын.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button