Басты жаңалықСаясат
Мемлекет басшысы министрлерді тағайындады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар министрлерді қайта тағайындады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
- Президент Жарлығымен Дәурен Қосанов қайтадан Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Ол бұл лауазымды қызметті 2025 жылдан бері атқарып келген.
- Ішкі істер министрі Ержан Сәденов те өз орнында қалды. Ол бұл лауазымда 2023 жылдан бері отыр.
- Ғалымжан Қойшыбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы болып қайта тағайындалды. Бұл лауазымды 2023 жылғы 4 қаңтардан бері атқарып келеді.
- Серік Жұманғарин де өз орнында қалды. Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. Ол бұл лауазымда 2024 жылдан бері отыр.
- Тоқаев Жаслан Мәдиевті қайта министр етіп тағайындады. Ол Премьер-Министрдің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып қала береді. Мәдиев бұл лауазымға бұған дейін 2025 жылы тағайындалған болатын.
- Мамыр айында Қызылордадан Астанаға ауысқан Нұрлыбек Нәлібаев та өз қызметін жалғастырады. Президент оны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары лауазымына қайта тағайындады.
- 2024 жылдан бері Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Қанат Бозымбаев та Үкіметтегі өз қызметін жалғастырады.
- Мәди Такиев Қаржы министрі.
- Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып қала берді.
- Ерлан Сәрсембаев Әділет министрі болып қайта тағайындалды.
- Ерлан Ақкенженов Энергетика министрі қызметін атқара береді.
- Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрін ауыстырды. Бұл лауазымды енді Мұрат Мұханов атқарады. Ол Шыңғыс Әріновтің орнына келді.
- Ал Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
- Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі.
- Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі.
- Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі.
- Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі.
- Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі.
- Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінде қалды.
- Президент Әлібек Қуантыровты Экология министрі етіп тағайындады. Ол бұрын экономика министрлігін басқарған. 2024 жылдан бері Сыртқы істер вице-министрі болған. Әлібек Қуантыров Ерлан Нысанбаевтың орнын басты.
- Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрлігін қайта басқарады.
- Ербол Мырзабосынов қайтадан Туризм және спорт министрі болды.
- Мәдениет және ақпарат министрлігіне Арман Қырықбаев жетекшілік етеді. Ол Аида Балаеваның орнына келді.
- Ал Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып кеше тағайындалған болатын.
Осылайша, Үкімет құрамы бекіді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауынан кейін Үкіметті отставкаға жіберген болатын.
Minut.kz



