Экономика

Алма импортына шектеу қойылды

Алма импортына шектеу 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 3 қыркүйектен бастап күшіне енді. Шектеу барлық көлік түрімен келетін өнімге, соның ішінде ЕАЭО елдерінен жеткізілетін алмаға да қатысты.

Тыйымға үш ерекшелік қарастырылған: Қазақстан аумағы арқылы транзитпен басқа елдерге жөнелтілетін алма, 3 қыркүйекке дейін жолға шыққан партиялар және осы күнге дейін елге әкелінген өнім. Бұрын жөнелтілген партиялар үшін экспорттық декларация мен тасымалдау құжаттары, ал елге кіріп қойған өнім үшін жеткізу мерзімін растайтын құжаттар қажет.

Министрлік бұл шараны отандық бағбандарды қолдау және импортқа тәуелділікті азайту қажеттілігімен түсіндірді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button