Білім
Мемлекеттік білім беру тапсырысының бағыты өзгеруі мүмкін
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мемлекеттік білім беру тапсырысының бағытын өзгерту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Министрдің ойынша, еңбек нарығына қажетті мамандар мен колледждердегі мемлекеттік тапсырыс арасында айырмашылық бар. Мысалы, ең үлкен тапшылық өнеркәсіп саласына – 183 мың маман қажет. Құрылысқа 102 мың, ауыл шаруашылығына 73 мың, ал ақпараттық технологияларға 12 мың маман керек.
Сонымен бірге құрылыс мамандығында қазір небәрі 22,4 мың, ауыл шаруашылығы бағытында 12,7 мың қазақстандық білім алып жатыр.
Сондықтан Жұлдыз Сүлейменова колледждердегі мемлекеттік білім беру тапсырысының бағытын өзгерту қажет – деп пайымдайды.
Minut.kz



