Басты жаңалықҚоғам

Алматы облысында 1 млн-дан астам ағаш егілмеген

Алматы облысында ағаш кесуге берілген рұқсаттар бойынша өтемдік көшет отырғызу талаптарының орындалмағаны анықталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, соңғы жылдары өңірде 100 мыңнан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берілген.

Заңбұзушылықтың басым бөлігі Еңбекшіқазақ ауданында тіркелді. Мұнда 120 рұқсат аясында 63 мыңнан астам ағаш кесілгенімен, орнына егілуі тиіс көшеттер толық отырғызылмаған.

Прокуратураның араласуымен 150 мыңға жуық ағаш егіліп, 11 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта облыстың жасыл қорына толық түгендеу жүргізіліп жатыр. Өтемдік ағаш отырғызу міндеттемелерінің орындалуы бақылауға алынды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button