Қоғам
Баспанаға үшін зейнетақы қорынан алған қаражатқа қатысты міндет өзгерді

Зейнетақы қорынан үй алуға шығарылған ақша енді депозитте қала береді. Бұл туралы Отбасы банктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Еске салайық, бұған дейін зейнетақы қорынан тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін алынған ақшаны 6 жыл ішінде баспана алуға немесе ипотека рәсімдеуге пайдалану қажет болатын. Егер аталған уақыт ішінде ипотека рәсімделмесе, қаражатты қорға қайтару міндеттелген. Бұдан былай бұл талап өзгерді.
Алты жыл өтіп кетсе де, ақшаңызды зейнетақы қорына қайтарудың қажеті жоқ. Қаражат Отбасы банкіндегі депозитте қала береді және оны кейін тұрғын үй мәселесін шешуге пайдалануға болады.
Minut.kz



