Басты жаңалықСаясат

Бектенов жаңартылған Үкіметке жауапкершілік алуды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңарған Үкімет мүшелеріне үндеу жасап, нақты нәтижеге бағытталған жұмысты жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бектенов Үкіметтің бүгінгі алғашқы отырысында елде саяси және экономикалық жаңғыртудың жаңа кезеңі басталғанын айтты. Оның айтуынша, жаңа Конституция қабылданғаннан кейін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.

Премьер барлық министрлік Мемлекет басшысы қойған міндеттерді кешенді түрде орындауы тиіс екенін атап өтті. Ол Үкімет жұмысы «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделуі керектігін айтты.

Бектеновтің айтуынша, енді толық жауапкершілік алып, қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт келді. Ол Үкімет мүшелері президенттің сенімін толық ақтауы тиіс екенін атап өтті.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button