Қоғам

Бұрынғы басқарушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада фасады құлаған көпқабатты үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты да қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл туралы прокурор Нұрдәулет Абуов сот отырысында мәлімдеді. Іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы яғни, міндеттеріне адал қарамау дерегі бойынша тергеліп жатыр.

Прокурордың айтуынша, бұрынғы үй басқарушыларының міндетін орындауына құқықтық баға беру жеке қылмыстық іс аясында жүргізіледі. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқиға 2025 жылғы 8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында болған. Тоғыз қабатты үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы құлап, бес адам зардап шеккен. Олардың арасында оқиға орнына келген екі фельдшер де болған. Бір фельдшер 18 қарашада ауруханада көз жұмды.

Негізгі қылмыстық іс бойынша үйдің МҮБ төрағасы Сауле Жубаниязова сотталушы ретінде өтіп жатыр. Ол өз кінәсін мойындамаған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button