Басты жаңалықҚоғам

Екі лауазымды тұлға ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік бақылауы саласындағы екі басшының ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көлік бақылауы комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінген.

Тергеу мәліметінше, олар белгіленген салмақ нормасынан асатын жүктері бар көліктердің кедергісіз өтуіне жағдай жасаған. Күдіктілер кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам заңсыз сыйақы алды деп болжанады.

Екеуі де сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button