Басты жаңалықҚоғам

Елімізде бензин мен дизельге акцизді есептеу тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизель отынына салынатын акцизді есептеу тәртібі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі көтерме баға өскен жағдайда қолданылатын қосымша өзгермелі акциздің үлесін қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы ведомство Үкімет қаулысына өзгеріс енгізу жобасын «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Қолданыстағы тәртіп бойынша акциз мөлшерлемелері бензин, дизель отыны және басқа да мұнай өнімдеріне белгіленген. Енді қосымша акцизді есептеу нарықтағы көтерме бағаның өзгерісіне тығызырақ байланыстыру көзделіп отыр.

Министрліктің түсіндіруінше, өзгеріс мұнай өнімдері нарығындағы баға жағдайына бейімделуге мүмкіндік береді. Құжат әзірге жоба түрінде тұр, сондықтан нақты өзгерістер Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін белгілі болады. Жаңа механизмді қажетті рәсімдерден өткен соң қыркүйек айында енгізу жоспарланған.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button