Басты жаңалықҚоғам

Мобильді аударым лимиті өсуі мүмкін

Банкаралық мобильді төлем жүйесіндегі бір операцияның лимитін 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін арттыру ұсынылды. Бұл туралы Ұлттық төлем корпорациясы басқармасының төрағасы Бинұр Жаленов мәлімдеді, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бинұр Жаленовтің айтуынша, 19 шілдеде іске қосылған банкаралық мобильді төлем жүйесі бірыңғай QR арқылы төлем жасауға және әртүрлі банктер арасында телефон нөмірі бойынша ақша аударуға мүмкіндік береді. Лимитті 1 миллион теңгеге дейін көтеру туралы өзгерістер қазір көпшілік талқылауына шығарылған. Құжат қабылданған жағдайда, жаңа талаптар қазан айынан бастап күшіне енуі мүмкін.

Бұл шектеу бір операцияға қатысты болады. Ал банктер тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес өз лимиттерін белгілей алады. Сондай-ақ пайдаланушылар мобильді қосымша арқылы жеке лимит орната алады.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button