Басты жаңалықҚоғам

Қарақшылыққа қатысты 50-ден астам тергеліп жатыр

Астана мен Өскемен қалаларында және Алматы облысында 40 млн теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Қамауға алынғандардың үшеуі бұрын сотталған, оның ішінде кісі өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылғандар бар. Оларды тінту кезінде атыс қаруы, суық қару, оқ-дәрі және бірнеше қымбат көлік тәркіленді.

Осыған ұқсас операциялар Шымкентте және Ақтөбе, Атырау, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында жүргізілді. Қазір осы істер бойынша 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.

Мәлімет бойынша, жәбірленушілерден жалпы 77 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденуге жол берілмеген. Тергеу жүріп жатыр.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button