Басты жаңалықСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапармен Қырғызстанға барды

Мемлекет басшысы Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Президент Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің жиырма алтыншы отырысына және «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысады. Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен барған.

Мемлекет басшысын «Манас» әуежайында Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сапары аясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы рет ұйымдастырылып отырған ресми ашылу рәсіміне қатысады. ШЫҰ саммиті бірінші қыркүйекте Бішкек қаласында өтеді.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button