Басты жаңалық

Құрылтай жиыны сәрсенбі және бейсенбі күндері өтеді

Құрылтай отырыстары сәрсенбі және бейсенбі күндері, тыңдаулар жұма күні, ал Үкімет сағаттары дүйсенбі күні өткізіледі, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Бұл туралы депутат Снежанна Имашева айтты.

Отырыс депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісі, яғни кемінде 97 депутат қатысқан жағдайда заңды болып саналады. Заң жобасы тіркелгеннен кейін Бас комитетке жіберіледі. Бас комитет жұмыс тобын құрып, оны әрі қарай пысықтауды ұйымдастырады. Заң жобасы үш оқылымда қаралады. Бұған халықаралық шартты ратификациялау немесе денонсациялау туралы заңдар кірмейді. Мұндай жобалар екі оқылымда қаралады, – деді депутат.

Депутаттың сөзіне қарағанда, бірінші оқылымда заң жобасының мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері және оны қабылдаған жағдайда туындауы мүмкін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да салдарлар талқыланады. Екінші оқылымда заң жобасына жұмыс тобы немесе Бас комитет енгізген түзетулер қаралады. Үшінші оқылым Құрылтайдағы заң шығару рәсімін аяқтайды.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button