Басты жаңалықЭкономика

Ұлан ауданы облыстағы агроөнеркәсіп саласының негізгі драйвері

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарларын баяндады, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Ұлан ауданында маңызды салалардың бірі – ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған. Ауыл шаруашылығы облыстағы агроөнеркәсіп саласының негізгі драйвері десе болады. Облыстағы ауыл шаруашылығы өнімінің 21 пайызы осы ауданға тиесілі. Биыл жеті айда 71 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Өңірдегі ет өндірісінің 60 пайызын (52 мың тонна) Ұлан ауданы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ 9 сүт-тауар фермасы жұмыс істеп тұр. 600 басқа арналған жаңа сүт фермасы, Өскемендегі биоөңдеу кәсіпорыны және балық өсіру бағыттары дамып келеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 1 млрд теңгеден асатын 56 жоба мақұлданды.

Өнеркәсіп және рекордтық инвестициялар

  • Аудан өнеркәсібінің 87%-ы өңдеу саласына тиесілі. Әкім өндірісті әртараптандыру бойынша бірқатар ірі жобаларды атап өтті:
  • Литий өндірісі: 2028–2030 жылдары 325 млрд теңгеден астам инвестиция тартылатын литий өндіру және өңдеу жобасы іске асырылады.
  • Геология мен логистика: Полиметалл кендерін барлауға 9,4 млрд теңге, ал Қасым Қайсенов кенті маңында көлік-логистикалық орталық салуға 20,3 млрд теңге бағытталады.
  • Өңдеу зауыттары: Жылу оқшаулағыш материалдар, кірпіш зауыттары және мал шаруашылығы қалдықтарын терең өңдеу жобалары қолға алынған.

Инфрақұрылым және жылыту маусымы

  • Ауызсу: Қасым Қайсенов, Айыртау және Таврия ауылдарында су құбырлары мен су қабылдау құрылыстары жаңартылуда.
  • Жылу желілері: Қасым Қайсенов кентінде 2,5 млрд теңгелік жылу желілерін қайта жаңарту аяқталуға жақын. Сонымен қатар «Айтас-энерго» ЖШС жөндеуге 160 млн теңге бөледі.
  • Болашақ жоспар: Бозанбай ауылында құны 7,5 млрд теңге болатын жаңа қазандық пен жылу желілерін реконструкциялау жоспарланған.

Әкім жүктеген басты міндеттер

  • Жайылымдарды басқарудың 4 жылдық жоспарын тиімді іске асыру.
  • Агроөнеркәсіптегі 4 инвестициялық жобаны уақытылы іске қосу.
  • Ірі кәсіпорындардың сатып алуларында жергілікті тауар өндірушілердің үлесін арттыру.
  • Қасым Қайсенов кентіндегі су мен жылу желілерін жөндеу сапасын қатаң бақылауда ұстау.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button