Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз жұмсалмайды
Президент Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұзақмерзімді пайдасы бар стратегиялық маңызды жобалардан қаржыландыру, соның ішінде Ұлттық қордан қаржы бөлу жоспарланып отыр. Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Мұндай қауесетті еш нәрседен хабарсыз, ниеті теріс адамдар таратады. Кез келген қордың, әсіресе, Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, келер ұрпақтың игілігі жолындағы зор табысқа, нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Ұлттық қордың пайдасын балалар көріп отырғанын баса айтты. Сөзінше, келешекте өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи, сапалы инфрақұрылымды дамыту керек.
Басқаша айтқанда, еліміздің алдағы ондаған жылдар, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қаланады. Мемлекетіміздің іргесі де осы игі істердің арқасында беки түседі. Бұл мәселеге Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда кеңірек тоқталамын, – деді Президент.
Minut.kz



