Басты жаңалықҚоғам

Зайсан көлінде жоғалған балықшылар әлі табылған жоқ

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан көлінде жоғалған екі балықшы әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды Minut.kz тілшісі.

Азаматтарды құтқарушылар мен бірге жергілікті халық та іздеуде. Алайда, су бетіндегі қатты желдің салдарынан толқын туып, іздеу жұмысына едіуір кедергі келтіруде.

Жоғалған балықшылар Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылынан 15-қыркүйек күні балық аулауға шығып, қайтып оралмаған. Құтқарушылардың мәліметінше, қайықта үш адам болған. Көлде қатты жел тұрып, қайықты аударып жіберген. Бағына орай, балықшылардың бірін сол маңда болған жергілікті тұрғындар құтқарып қалған. Ал 58 және 31 жастағы екі азаматтың тағдыры әлі беймәлім. Қазір аймақта шұғыл түрде жедел штаб құрылып, іздеу аумағы кеңейтілді.

Ерік Тұрсынғалиев ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері

Іздестіру жұмыстарына сүңгуір қайықтары, құтқарушылары сонымен қатар, дрондар, жаңағы су астындағы эхолод құрылғысы арқылы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру-райының қолайсыздығына байланысты, толқындардың болуына байланысты іздеу жұмыстары қиындыққа түсуде, – дейді ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ерік Тұрсынғалиев.

Minut.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button